Түркияда жер сілкінді

Қыркүйек 21, 2026 - 16:05
chat_bubble  0 visibility  12
Түркияда жер сілкінді
Фото: kuku.travel

Түркияның Адана провинциясында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Сайымбейли ауданында орналасқан. Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған.

Адана губернаторының әкімшілігі қазіргі уақытта ешқандай кері салдар тіркелмегенін, жағдай жіті бақылауда тұрғанын мәлім етті.

"Адана провинциясының Сайымбейли ауданында сағат 04:02-де болған 5 балдық жер сілкінісі Қахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында да сезілді. Қазіргі таңда ешқандай зардап тіркелген жоқ, аумақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр", – деп хабарлады AFAD X желісінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0