Түркияның қазақтары көп қаласында алапат өрт болып жатыр

Қаңтар 27, 2025 - 21:48
Түркияның қазақтары көп қаласында алапат өрт болып жатыр
Фото: видеодан скрин
Туристер арасында өте танымал Түркияның Алания провинциясында салынып жатқан тоғыз қабатты қонақ үйден өрт шықты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, өрт сөндіруші бригадалар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай дүрбелең тудырған, өйткені ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған.

Бұған дейін Болуда да осындай жағдай болған. Ол кезде өрт Карталкая түрік тау шаңғысы курортындағы ғимаратты шарпыды. Grand Kartal қонақ үйінде өрттен 78 адам опат болды. 22 қаңтарды Түркия Аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Осы өртке қатысты іс бойынша 15 адам қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow