Украина арнайы әскери операция өткізіп, Ресейдің 41 ұшағын талқандады

Арнайы әскери операция «Тор» (Паутина) деген атаумен жүргізілген. Оны Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі тікелей бақылаған,

Маусым 2, 2025 - 10:56
Маусым 2, 2025 - 10:59
Украина арнайы әскери операция өткізіп, Ресейдің 41 ұшағын талқандады

Украина Ресейдің бірқатар өңіріндегі, әсіресе тыл аймақтардағы әскери нысандарға, соның ішінде әуе базаларына дрондармен шабуылдады. Арнайы әскери операция «Тор» (Паутина) деген атаумен жүргізілген.  Оны Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі тікелей бақылаған. 

1) Ресейдің Рязан облысындағы «Дягилово» аэродромына дрондар шабуылдады.

2) Ресейдің Иркутскі облысы. Усолье-Сибирское дейтін қалашық бар. Сондағы «Белая» дейтін әскери гарнизон мен әуе айлағы соққының астында қалды. Бұл Ресейдің Сібіріне жасалған алғашқы шабуылдардың бірі.

3) Мурманскі облысындағы «Оленья» дейтін авиабаза соққының астында қалды. Бұл жерде ядролық қару тасымалдаушылар орналасқан.

4) Мурманскі облысындағы Серевоморск қаласы шабуылға ұшырады. Североморск - ядролық оқтұмсықтары бар сүңгуір қайықтарға қызмет көрсететін Ресей флотының негізгі қалаларының бірі.

5) Брянскі және Курскі облыстарында теміржол көпірлері сериалы түрде талқандалды.

Арнайы опеция барысында Ресейдің ең кемі 4 әуежайына (айлағына) шабуыл жасалған. Олар: «Оленья», «Дягилево», «Белая» және «Иваново». 

 Оны Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі тікелей бақылаған, ал операцияны Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен оның қоластындағы қызметкерлер жүзеге асырған.

Алдымен Ресейге дрондарды, одан соң арнаулы контейнерлерді жеткізген. Кейінірек сол контейнерлерге дрондарды жасырып орналастырған. Ал контейнерлер қақпағын ашуды және ішіне жасырылған дрондарды ұшыруды қашықтан басқарған.

Украина арнаулы қызметі "жиынтығы 41 ресейлік ұшаққа шабуыл жасалды, бұл операцияға қатысқан адамдар қазір Украинада" деп хабарлады.

Украина бұл операция жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін алдын ала хабардар еткен. 

Жойылған ұшақтардың барлығы да Ресейдің стратегиялық ұшақтары. Құны 200 млн доллардан асатын А-50, Ту-95 және Ту-22 М3 ұшақтары бар.

Шығын көлемі кемі 2 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow