«Владимир, тоқта!»: Трамп Путиннен сырт айнала бастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасап, Киевтегі жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп жазады sadaq.kz.
"Мен Киевке жасалған ресейлік соққыларға риза емеспін. Бұл қажет емес, әрі уақыты өте қолайсыз. Владимир, тоқта! Аптасына 5000 сарбаз мерт болып жатыр. Келіңіздер, бейбіт шешімге келейік!", - деп жазды АҚШ басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында.
Трамп бұл жазбасын Ресейдің жойқын шабуылан кейін жазды. Мәскеу Украинаға қарай 70 зымыран мен 145 дрон ұшырған. Олардың басым бөлігі Киевке бағытталған. Зымырандардың біразы тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылымдарға түскен.
Шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






