Владимир Зеленский Путинмен келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Бұл туралы ол журналист Пирс Морганға айтқан.

Ақпан 5, 2025 - 10:00
Владимир Зеленский Путинмен келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Фотo: DER SPIEGEL

Владимир Зеленский Украинада бейбітшілік орнатудың жалғыз мүмкіндігі осы болса Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөзге дайын екенін айтты,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ол британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Егер бұл бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы болса, мен дайынмын. Егер халық біз дипломатиялық жолға көшуіміз керек деп санаса, онда біз Путинмен сөйлесуге дайын боламыз», – деді Зеленский.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow