Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді: Тоқаев 2025 жылдың қорытындысын шығарады

Ақпан 8, 2026 - 20:08
 0  16
Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді: Тоқаев 2025 жылдың қорытындысын шығарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz Ақорданың ресми мәліметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметте атап өтілгендей:

«Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады».

Отырыс барысында ел экономикасы мен әлеуметтік саласының нақты жағдайы бағаланып, инвестициялық жобаларды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0