ҰҚК Алматыда шетелдік жоспарлаған үлкен терактінің жолын кесті

Қазан 28, 2025 - 10:54
ҰҚК Алматыда шетелдік жоспарлаған үлкен терактінің жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

  • Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапқа тартылды, оның 6-сы шетелдіктер, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow