Зеленский Қазақстандағы Украина елшісін тағайындады
Бұл орын 2022 жылдан бері бос болған.

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанға жаңа елші тағайындады.
Зеленскийдің жарлығымен Украинаның Қазақстандағы елшісі болып Виктор Майко тағайындалды.
Майко бұған дейін Украинаның Түрікменстандағы елшілігін басқарған. Мамандығы журналист.
Бұл орын 2022 жылдан бері бос болған.
Елші қызметін осыған дейін Петр Врублевский атқарған. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс басталған шақта «орыстарды көбірек қыруымыз қажет» деген мәлімдемесінен кейін көп ұзамай еллішік қызметінен босаған болатын.
Ал Ресей тарапы дипломаттың бұл мәлімдемесінен кейін, Врублевскийге іздеу жариялап, сырттай алты жылға соттап жіберді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






