Зеленский Путинді Түркияда күтетінін мәлімдеді

Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.
"Мен Путинді бейсенбі күні Түркияда күтемін", - деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісінде.
Путин жексенбі күні ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынды.
Ол бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ұсыныс Путиннің жанжалды бейбіт жолмен шешуге деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті.
Песковтың айтуынша, Украинамен келіссөздің мақсаты – қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүддесін қамтамасыз ету.
АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Киев билігін Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысына "тез арада" келісім беруге шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






