Зеленский Украинада президент сайлауын өткізуге дайын екенін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс жағдайында сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ ол белгілі бір шарттар орындалуы яғни елде қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, заңнамаға өзгерістер енгізілуі қажет. Бұл туралы ол украиналық және шетелдік журналистермен кездесу кезінде айтты.
Президент халықаралық серіктестер сайлау кезінде Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алса, президенттік сайлауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол соғыс жағдайында сайлауды реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге әзір екенін және осы бағытта парламенттен ұсыныстар күтетінін жеткізді.
"Бұл - өзге емес, Украина халқының мәселесі. Серіктестерімізге құрмет білдіре отырып, сайлауға дайын екенінмді айтамын",- деді Зеленский.
Оның айтуынша, сайлау өткізу үшін екі мәселені шешу қажет.
"Біріншісі - соғыс жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, ал екіншісі - сайлаудың заңды өткізілуін қамтамасыз ететін құқықтық негізді реттеу. Мен АҚШ-тан, қажет болса, еуропалық әріптестермен бірге, сайлау өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуін сұрап отырмын. Ондай мүмкіндік болса, 60–90 күн ішінде Украина сайлау өткізуге дайын болады. Менің бұған ниетім бар, дайындық деңгейім де жеткілікті", - деді Владимир Зеленский.
АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада президент сайлауын өткізу қажет деп мәлімдеді.
"Оларда сайлау өтпегеніне көп болды", – деді Трамп. Бұған қоса ол: "Олар демократия туралы айтады, бірақ жағдайдың беталысы енді демократия болмайтын жаққа қарай ойысып барады", – деген.
АҚШ президенті сайлау өткізілген жағдайда Владимир Зеленский қайтадан жеңіске жетуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Бұған дейінгі мәлімдемесінде Трамп Украинада сайлау өткізуге үндеп, тіпті сол елдің қазіргі президенті Владимир Зеленскийді "диктатор" деп атаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0