«Жағындағы жарақатын емдеп жүр»: Трамп Макронды мазақ қылды
АҚШ президенті Дональд Трамп Франция басшысы Эммануэль Макронға қатысты әзіл айтып, оның жұбайы өзіне суық қарайтынын меңзеді. Бұл туралы Sadaq.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Британдық басылымның жазуынша, Ақ үйдің YouTube-арнасында Трамптың жеке түскі асы түсірілген видео қысқа уақытқа жарияланып, кейін өшірілген. Алайда журналистер жазбаның көшірмесін сақтап үлгерген. Бейнематериал көпшілікке арналмаған болуы мүмкін.
Кадрларда Трамп НАТО-ны Ирандағы жағдайға байланысты қолдау білдірмеді деп тағы да сынға алған. Сонымен қатар ол Франция президенті Эммануэль Макронды жұбайы Брижит Макрон итеріп жібергені туралы 2025 жылғы оқиғаны еске салып, мысқылдаған.
Трамп түскі ас барысында әріптестеріне Макронмен болған телефон әңгімесін айтып, оның ағылшын тіліндегі акцентін келеке еткен. Сондай-ақ Франция басшысының жеке өміріне де қатысты пікір білдірген.
“Мен Францияға, әйелі оған өте жаман қарайтын Макронға қоңырау шаламын. Ол әлі күнге дейін жақ сүйегінің жарақатынан айығып жатыр”, – деген АҚШ президенті.
Бұл мәлімдемелер Францияда сынға ұшырады. Ел саясаткерлері Трамптың сөздерін орынсыз әрі әдепке сай емес деп бағалады. Франция Ұлттық жиналысының төрайымы Яэль Браун-Пиве қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер талқыланып жатқанын еске салды.
“Ирандағы жағдай миллиондаған адамның өміріне әсер етіп отыр, адамдар қаза тауып жатыр. Ал бізде өзге елдерді мазақ ететін президент бар”, – деді ол.
Макронды оппозициядағы “Непокорённая Франция” партиясының өкілдері де қолдап, Трамптың айтқандарын айыптады.
Өз кезегінде Эммануэль Макрон Сеулге жасаған мемлекеттік сапары кезінде бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Ол Трамптың сөздерін жауап беруге тұрмайтын, әдептен тыс мәлімдеме деп атады.
“Сіз айтып отырған сөздер әдепті де емес, лайықты да емес. Сондықтан мен оларға жауап бермеймін – бұл жауап беруге тұрмайды”, – деді Франция президенті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0