Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды

Шілде 31, 2025 - 10:00
 0  35
Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды
Фото: Getty Images

Полицейлер Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданында болған атысқа қатысы бар төрт күдікті ұсталды. Ұсталғандардың барлығы Мойынқұм ауданының тұрғыны", - делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп қосты полиция департаментіндегілер.

Полиция өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын айтты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0