Жаңа Конституция: Жұлдыздардың жаппай мақтауы мен Алаштанушының ащы сыны
Елімізде 31 қаңтарда жарияланған Жаңа Конституция жобасы қоғамды екіге жарды. Құжат жариялана сала, танымал спортшылар, әртістер мен блогерлер оны «оқып шықтық» деп, жаппай мақтай жөнелді. Алайда, бұл асығыс қолдаудың артында үлкен сұрақ белгісі тұр.
Мәселен, продюсер Баян Мақсатқызы өлім жазасының болмауын және «Миранда ережесін» алға тартып, жобаны халықаралық нормаларға сай деп бағалады. Тіпті, Конституцияның алғысөзі (преамбуласы) «көркем қазақ тілінде» жазылғанына дейін таңдай қақты:
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов та бұл өзгерістерді «болашаққа бағыт» деп атады. Бірақ сарапшылар 10 күн ішінде негізгі заңның 84 пайызы (77 бап) жедел өзгертілгенін, ал халық талап еткен орыс тілінің мәртебесі сол күйі қалғанын айтып, дабыл қағуда.
Бұл жағдайға белгілі Алаштанушы Елдос Тоқтарбай да үн қосып, заң жобасын жер-көкке сыйдырмай мақтаған жұлдыздарды қатаң сынады. «Ертең тіл мәселесі үшін қоғамда дүрбелең туса, қара қазақтың көз жасы солардың обалында болады», — деп ол инфлюенсерлердің ұстанымсыздығын айыптады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0