Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Қыркүйек 26, 2025 - 09:33
Қыркүйек 26, 2025 - 09:35
Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып Ермек Көшербаев қызмет атқарады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорданың хабарламасында. 

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасы жағдайы: үйленген, 2 баласы бар.

Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін еркін меңгерген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow