«Жаным, сенімен мақтанамын»: Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне тағы да пәтер үлестірді (ВИДЕО)

Мамыр 4, 2026 - 17:25
chat_bubble  0 visibility  1
«Жаным, сенімен мақтанамын»: Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне тағы да пәтер үлестірді (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлерін қуантатын жаңалықпен бөлісті. Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталмақ, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жазып, қуанышын жасырмады.

«ШСЗ қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – аңызға айналған кәсіпорынның 50 жылдығына орай! Мен сенімен қатты мақтанамын, жаным», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты – еліміздегі тарихы терең өндіріс орындарының бірі. Ал бұл бастама кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген ерекше қолдау ретінде бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0