«Жанқошқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ»: Әнарудың адвокаты мәлімдеме жасады
Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ.

БАҚ беттерінде Жанқош Тұраровтың ісіне байланысты«қылмыстық іс тоқтатылды» деген ақпарат тараған еді. Енді осыған қатысты Әнарудың адвокат мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», - деп жазған адвокат желідегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






