«Жәннатты 7 мың долларға сатып алуға болады»: журналист жұмақты «саудалаған» дін өкіліне шүйлікті (ВИДЕО)

Оразаның алдында сауда қызыпты ғой, дейді журналист.

Наурыз 3, 2025 - 23:51
Наурыз 4, 2025 - 09:33
«Жәннатты 7 мың долларға сатып алуға болады»: журналист жұмақты «саудалаған» дін өкіліне шүйлікті (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Журналист Ержан Төлек өзінің Facebook-тегі парақшасында дін өкілі әрі блогер Жанәділ Райымбековтің көпшілікке айтқан уағызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Дін өкілінің айтуынша, 700 мың теңгеңді беріп, 7 млрд проблемаңды шешесің және жеті миллионмен құтылмайтын бәледен құтыласың.

«Жәннәтті сатып алды деген адамдар болады. Үлкен қажылыққа 7 мың доллар беріп, жәннәттық болып келетін адамдар болады. Олар жәннәті тірі кезінде сатып алғандар. Біліп қойыңыз. 700 мың теңге бересің, Жәннатты сатып алды деген пайғамбарымыз бір сахабаны көрсетіп, «анау сахаба жәннәтті сатып алды» деген», — дейді дін өкілі.

Осыған байланысты журналист өз пікірін желіде жазды.

ЖӘННАТТЫҢ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР!

«Пах, шіркін! Оразаның алдында сауда қызыпты ғой. Жәннәт делдалдары жанұшыра ышқынып жатыр. Өйткені, әрбір молданың қара тасқа апаратын компаниясы бар, мүше үлкейтетін дәрісі бар. 700 мың теңгені Сауд Арабияға беріп, дін алаяқтарына бергенше, жоқ-жітік бауырларына берген ұтады. Әлде ондайда жәннаттың есігі ашылмай қала ма? Әлбетте, барлық дінде жәннәт пен жұмақтың саудаланып келе жатқанына қаншама ғасыр болды. Жағдайлары келсін-келмесін қарызданып-қауғаланып Қағбаға кетіп жатқан жастар да көп. Сол ақшаға бизнес стартаптарын бастаса қалай болар еді?! Негізгі жәннәт — Қазақстан екенін, Отан екенін әр адам ұмытпауы тиіс», — деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow