Жапонияда өлім жазасы орындалды
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Жапонияда соңғы 3 жыл ішінде алғаш рет өлім жазасы орындалып, "твиттердегі қанішер" атанып кеткен Такахиро Сираиси дарға асылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Такахиро Сираиси 2017 жылы Канагаваның Зама қаласындағы пәтерінде 8 әйел мен 1 ер адамды буындырып өлтіріп, денелерін бөлшектеген. Ол құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тауып отырған. Жантүршігерлік бұл қылмыс Жапонияда үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді.
Жапонияның Әділет министрі Кэйсуке Судзуки өлім жазасын орындау туралы шешімді: "Аса өзімшілдікпен жасалған, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған қылмыстарды" ескере отырып қабылдағанын мәлімдеді.
Жапонияда заң бойынша өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Сотталған адамға бұл туралы бірнеше сағат бұрын ғана хабардар етіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






