«Жасөспірімнің мүшесінен ұстаған»: Алмас Кішкенбаев қамауға алынды

Қаңтар 31, 2025 - 20:53
«Жасөспірімнің мүшесінен ұстаған»: Алмас Кішкенбаев қамауға алынды
Фото: youtube.com/Khabar_TV

Алматыда 17 жастағы курьерге жасы үлкен ер адам тиіскен. Оны естіген жәбірленуші баланың әкесі полицияға арыз жазған, деп хабарлайды sadaq.kz.

«2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев», - деп жазды Kozachkov телеграм каналы.

Полиция К. есімді адамның ұсталғанын растады.

«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді»,-  деді полицияның баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow