Желіде Алматыда сауда орталығында адамдарды ұрып соғып, атып жатқан видео тарады

Жазбада бей-берекет ұрып-соғулар, белгісіз адамдардың қару қолданып, атыс шығарып жатқаны, базар маңайындағы жұрттың жанұшыра қаша бастағаны түсірілген.

Тамыз 27, 2024 - 17:17
Тамыз 27, 2024 - 17:26
Желіде Алматыда сауда орталығында адамдарды ұрып соғып, атып жатқан видео тарады

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Адем» сауда орталығында түсірілді делінген сұмдық видео тарады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеода белгісіз бір адамның ауыр халде жерде жатқанын байқауға болады. Видео авторының айтуынша, «Адем» сауда орталығының иесі жалға алушыларды ұрып-соғып, үнемі қысым көрсетеді.

Тағы бір жазбада бей-берекет ұрып-соғулар, белгісіз адамдардың қару қолданып, атыс шығарып жатқаны, базар маңайындағы жұрттың жанұшыра қаша бастағаны түсірілген. 
Сондай-ақ жазбада Редясебов Рашид деген есім жиі аталады. Кадр сыртындағы дауыстар оның «Адем» сауда орталығын иесі екенін ал сауда орталығында бассыздық ұйымдастырып жүргендердің жандайшаптары екенін айтады.

«Олар салықтан жалтарып, кірістерін жасырады. Жалға алушылардан электр энергиясына әр шаршы метр үшін ақы алады. Ұрып-соғады. Жұмысшыларды Еңбек кодексіне сәйкес тіркемейді. Барлық құзырлы органдардан тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалауларыңызды сұраймыз», - делінген "Письма президенту" телеграм-арнасында жарияланған видеоның сипаттамасында.

Алматы полициясы әлеуметтік желіде «Адем» сауда үйінің әкімшілігі тарапынан сатушыларға «қысым» көрсетіліп жатыр деген видеоға қатысты пікір білдірді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы жалға алушылардың бірінің арызы бойынша сауда үйінің күзетшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Ол ұсталды және тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қақтығыстың мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір Полиция департаментінің жедел бөлімшелері өткен жазда орын алған қару қолдану эпизодын тексеріп жатыр.
«Айта кетейік, бұған дейін бұл дерек бойынша полицияға ешқандай арыз немесе өтініш келіп түскен жоқ», - делінген полиция мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow