Жынысын ауыстырған: Франция президентінің әйеліне қатысты сот басталды
Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның әйеліне қатысты сот процесі басталды. Алайда жәбірленуші Брижит Макрон сотқа қатыспайды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.
Айыпталушы 8 ер адам мен екі әйел Эммануэль Макронның жұбайын ер адам болып туылды деп жалған ақпарат таратқан.
Сотталушыларға 72 жастағы Брижит пен 47 жастағы Макронның жас айырмашылығына қатысты жала жабу туралы мәлімдеме жасады деп айып тағылды.
Брижит Макронның адвокатына сілтеме жасаған AFP агенттігінің хабарлауынша, президенттің әйелі бірінші сот отырысына келмеген және сотқа келуді жоспарлап отырған жоқ. Есесіне оның қызы Тифани Озьер сотта куәлік бере алады.
Он айыпталушының қатарында сайланбалы лауазымдағы шенеунік, галерея иесі, мұғалім және интернеттегі экстрасенс, Амандин Рой лақап атымен желіде өнер көрсететін 51 жастағы Дельфин Дж. бар. Сондай-ақ өзін тәуелсіз журналист деп атайтын Натача Рей есімді айыпталушы өткен жылы Брижит Макронға жала жапты деген айыппен сотталған.
Еске салайық, шілде айында Франция президенті Эммануэль Макрон зайыбы туралы жалған мәлімдеме жасаған әйелді сотқа берген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?