Жоғары сот трансгендерлерге төлқұжаттағы жынысын өзгертуге тыйым салды
АҚШ-тың Жоғарғы соты трансгендерлерге туған кездегі биологиялық жынысты төлқұжатта өзгертуге тыйым салды. Бұл туралы NBC News жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ азаматтары Джо Байден президент болған тұста төлқұжаттарында үш түрлі гендерлік белгі қоя алатын. Яғни, ер, әйел немесе Х атты бейтарап жыныс.
АҚШ Жоғарғы сотының шешімінде биологиялық жынысты көрсету ел мен туған жерді көрсету секілді тарихи деректі бекіту деп саналатыны жазылған. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Жоғарғы соттың шешімін Траматың үлкен жеңісі деп атады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп қызметіне кіріскен алғашқы күні-ақ екі жынысты ғана мойындайтын жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін Ұлыбританияның Жоғарғы соты да трансгендерлерді әйелдер қатарына қосудан бас тартқан.
14 сәуірде Мажарстан парламенті ел Конституциясына түзету енгізіп, тек екі жынысты, яғни ер мен әйелді ғана мойындау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді 140 депутат қолдап, 21 депутат қарсы шыққан, қалыс қалғандар болмаған. Жаңа Конституция нұсқасында отбасының негізі тек ер мен әйел арасындағы неке деп көрсетілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?