«Жұлынған аяғымнан қан сорғалап тұрды»: Тамара Асар көпшіліктің сұрағына жауап берді

Тамыз 19, 2026 - 14:33
app_badging Тамыз 19, 2026 - 14:35
chat_bubble  0 visibility  8
«Жұлынған аяғымнан қан сорғалап тұрды»: Тамара Асар көпшіліктің сұрағына жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Тамара Асар саясатқа не үшін келгенін түсіндіріп, көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта өзіне «Саясатқа неге келдіңіз?», «Сахнаны саясатқа неге ауыстырдыңыз?» деген сұрақтардың жиі қойылатынын айтып, оған әлеуметтік желідегі жазбасында жауап берді.

«Басқа салса баспақшы» мені сахнаға да, саясатқа да өмір өзі әкелді. Менің өмірімде сахна да бар, өнер де бар, салт-дәстүр де, білім де, ғылым да, еңбек те бар. Жеткен жеңістер де, жеңілістер де, қиын кезеңдер де болды. Тәнімнің жеңісі – жұлынған аяқтың, жанқа сүйегінен қан сорғалап тұрса да, протезбен қайта жүру болды! Жанымның жеңісі – дәл солай тұрсам да, ән шырқап, өзге әнмен қуаныш сыйлау болды! “Инклюзия, оңалту, протездеу” деген ұғымдармен жақын өте жақын таныс болғандықтан, адамның денсаулығы, оның қалпына келуі, қоғамға қайта оралуы, білім алуы, еңбек етуі, өз әлеуетін жүзеге асыруы сияқты мәселелерді сырттай бақылауды доғарып, оған өзім сияқты тұлғалар үшін етене араласуды шештім. Яғни өз басымнан өткен қиындықтар арқылы протездік жүйенің адам өміріне қаншалықты әсер ететінін білемін. Оны кеңінен ашқым келеді. Қазір мен үшін ең маңыздысы – адамдармен кездесіп, оларды тыңдау, мамандармен тілдесу, жүйені түсіну және сол тәжірибені нақты іске айналдыру. Өйткені мен үшін саясат – мансап емес. Саясат – жауапкершілік. Толық жауабымды сайлауды берген сұхбаттарымда көруге болады…», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0