«Жүргіш»: Жұмабек Жанықұлдың экс-әйелі ел білмейтін шындықты айтты
Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы Жанна Маратқызы әлеуметтік желі арқылы үндеу жасап, ажырасуына не себеп болғанын жайып салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жанна Маратқызының сөзінше, олардың 20 жылдық некесінің бұзылуына кәсіпкердің бірнеше рет опасыздық жасауы мен өзге әйелдермен қарым-қатынасы себеп болған.
"Мен Жанықұлова Жанна Маратқызы бес баланың анасымын. Барлық баламды бұрынғы күйеуім Жұмабек Жанықұлмен некеде болғанда өмірге әкелдім. Мен онымен 20 жыл тұрдым. Ажырасуымызға себеп оның жүргіштігі мен тоқалдары болды. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Некеде болғанымызда неке келісімшарты, мал-мүлік деген сынды мәселе болмаған. Бұл сұрақтың бәрі Жұмабекте жаңа әйел пайда болғанда туындады", – деді ол.
Сонымен қатар, Жанна Маратқызы қазіргі таңда өтіп жатқан сот процесінің әділ жүргізілмей жатқанын алға тартып, көпшіліктен көмек сұрады.
Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл бұл мәселеге байланысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0