Қорғаныс министрлігі батальон командирінің орынбасары 8 жасар қызды зорламақ болған
Оқиға Астанада болған.
«Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102 пультіне ауруханада төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы жағдайды анықтады. Тергеу барысында 1992 жылы туған азамат К.-ның 1986 жылы туған азамат Е.-ге дене жарақатын салғаны белгілі болды. Азамат Е. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары болып қызмет етеді және подполковник шеніне ие. Алдын ала мәлімет бойынша, подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызға жәбір көрсетуге әрекеттенген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінгеніп атап өткен аталмыш дерек көзі.
Сіздің реакцияңыз қандай?