Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Манмохан Сингх қайтыс болды

Желтоқсан 27, 2024 - 09:59
Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Манмохан Сингх қайтыс болды
Фото: POOL New

Денсаулығы нашарлаған экс-премьер Делидегі ауруханаға жатқызылып, 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ВВС. 

Манмохан Сингх Үндістанның ең жылдам дамып келе жатқан державалардың біріне айналуына мүмкіндік берген либералды экономикалық реформалардың сәулетшісі болып саналады.

Үндістан 1990 жылдардың басында банкроттық алдында тұрды. Манмохан Сингх салықты төмендетіп, рупияны құнсыздандырды, мемлекеттік компанияларды жекешелендіріп, шетелдік инвесторларды шақыра бастады. 

Қабылданған шаралар экономиканы жандандырды, өнеркәсіп өндірісінің өсуіне түрткі болды және инфляцияны тежеді. Үндістандағы экономикалық өсім 1990 жылдардан бері тұрақты жоғары болып қалып отыр.  Сингх премьер-министр қызметін 2004-2014 жылдары атқарды, оған дейін 1991 жылдан бері қаржы министрі болып жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow