Өнері өлімге әкелді: «Буынсыз адамның» мезгілсіз ажалына не себеп болғаны белгілі болды

Қазан 14, 2024 - 12:47
 0  162
Өнері өлімге әкелді: «Буынсыз адамның» мезгілсіз ажалына не себеп болғаны белгілі болды
Фото: youtube.com

Ел арасында “буынсыз адам” атанған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай дүниеден өтті, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Қаралы хабарды актер Рахман Омар жеткізді. 

 "Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері", – деп жазды актер.

Одан кейін белгілі жазушы Бейбіт Сарыбай марқұмның неден көз жұмғанын айтты. 

“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді әдебиет өкілі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 1