«11-12 жастағы лесби қыздар сүйісіп отырған видеосын жібереді»: Бағила Балтабаева ЛГБТ ұйымдары жайлы айтты

Астана мен Алматыда 50-ден астам гей клуб бар. Бұл туралы Қазақстан ата-ана одағының төрайымы Бағила Балтабаева Sadaq Media Youtube арнасының «Durbi» подкастына берген сұхбатында айтты, - деп жазады Sadaq.kz.
«Алматыда ең бірінші гей клуб 1995 жылы ашылған екен. Одан бері 30 жыл өтіп кеткен. 1992 жылы Usaid басқалары кіріп келді. 1995 жылы алғашқы гей клуб сол кезде ашылса, 30 жылдың ішінде біз бүгінгі деңгейге жеттік. Егер де біз көрсек көрмегендей, естісек естімегендей болсақ, «жаман нәрсені айтпа, тарап кетеді» деп бұрынғы қазақы дүниемен осы уақытқа дейін үндемей келдік. 30 жылдың ішінде біз қандай деңгейге келдік? Басқа қалаларды алмай-ақ қояйын. Астана мен Алматыда түнгі гей клубтар қанша? Тек Алматы мен Астананы санасақ, 50-60-қа барып қалатын шығар. Мынау клуб деп нүктесіне дейін білмесем де бірақ сұрастырып ақпараттар жинап жүрмін. Шамамен сондай болып қалды деп айтты», — деді Бағила Балтабаева.
Спикер сұхбат барысында лесбияндардың ұйымдастырған митингілеріне барып жүргенін де айтты.
«Мен тікелей эфирлеріне арнайы қосыламын, сұраймын, тыңдаймын. Ол жерде бесіктен белі шықпаған қыздар бар. Тіпті бір үйдің екі кішкентай қызы болды. Бірінің жасы әрі кетсе 8-9-да, екіншісі 12-13 жасар. Екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ қолдарына плакат ұстатып қойған. Ата-анасы білмейді. Бұл топқа қыздар бір кірді ме, одан шығуы екіталай. Себебі, айналасындағы лесбиян қыздардың әлеуметтік желілеріне, киім киісі, жүріс-тұрысына қарайды. Митингтерде «моя матка – мои правила» деген жазу айқайлап тұр. «Ни бога, ни господина, ни мужа, ни государства» деген сөздер бар. Былай қарасаңыз, бұл таза арандатушылық. Менің жекеме көп жазады бұлар. Жауап беремін, сөйлесемін бетін бері қаратқым келеді. Бірақ, олар менің ашуыма тигісі келе ме, 11-12 жастағы қыздар өздерінің сүйісіп отырған видеосын да жібереді», - деп күйінді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






