12 шілдеден бастап бетті жауып тұратын киім киюге болмайды: Полиция ескерту жасап жатыр

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді.
“Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді полиция.
Учаскелік инспекторлардың айтуынша, бұл тыйым азаматтың бет-әлпетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, атап айтқанда маска мен никабқа қатысты. Ал адамның жүзін жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге рұқсат.
Алайда тыйымның:
Ауа райына байланысты;
Медициналық көрсетімдерге байланысты;
Заң талаптарын орындау кезінде;
Қызметтік міндеттерді атқару барысында;
Азаматтық қорғау саласындағы қызметке қатысы жоқ.
Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық орында бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынған еді.
Polisia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?






