Бүгін Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан финалда ел намысын қорғайды
Бүгін, 13 ақпанда, сағат 21:00-де мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламадан финал өтеді. Қысқа бағдарламадан кейін үздік бестікке енген Михаил Шайдоров бүгін бағын сынмақ, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров 92,94 ұпаймен 5-орында тұр. Қазіргі уақытта көш басында АҚШ өкілі Илья Малинин (108,16 ұпай), жапониялық Юма Кагияма (103,07 ұпай) және француз Адам Сяо Хим Фа (102,55 ұпай) келеді. Михаил мен үздік үштіктің арасын 10 ұпайға жуық алшақтық бөліп тұр, сондықтан бүгінгі 5 төрттік секіріс — бұл аралықты қысқартып, жеңіске жетудің жалғыз жолы.
Естеріңізге сала кетейік, шешуші еркін бағдарлама бүгін, 13 ақпан күні сағат 23:00-де басталады. Михаил Шайборов 2:16-да өнерін көрсетеді. Трансляцияны «QazSport» мен «Jibek Joly» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Михаилдың қысқа бағдарламадағы өнері мен ТОП-5-ке кіргенін мына видеодан көре аласыздар:
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0