144 млрд теңге жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, босандыққа шықты

Қыркүйек 3, 2025 - 10:48
Қыркүйек 3, 2025 - 11:15
144 млрд теңге жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, босандыққа шықты
Today.kz

2020 жылы «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден босады.

Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл адам сот үкіміне сай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген. Соттың шешімімен ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты. Бұдан өзге айтарымыз, рақымшылыққа ілінген бұл адам пробация қызметінің есебіне алынды», - деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Жомарт Ертаев «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow