Астанадан шығатын жолдар түгел жабылды

Қараша 22, 2023 - 13:22
chat_bubble  0 visibility  142
Астанадан шығатын жолдар түгел жабылды
Фото: pixabay

Ауа райының күрт құбылуына байланысты бүгін, 22 қараша күні түстен кейін Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды sadaqmedia. 

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметіне сүйенсек, жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналған. Сонымен қатар, жел күшейген. 

"Астанадан барлық бағыттағы жолдар жабылды. Жолдағы қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды компания. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер де тоқтады. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0