Дені сау адамдар баспана мәселесін өздері шешу керек – министр

Қараша 22, 2023 - 16:34
Дені сау адамдар баспана мәселесін өздері шешу керек – министр
Сурет ашық дереккөзден алынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат  Шарлапаевқа жастардың жалдамалы пәтеріне байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды sadaqmedia.

Депутат өзін жастардың жалдамалы пәтері алаңдатып отырғанын айтып, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастарға 5 жылға пәтер берілгенін еске салды.

«Осы уақыт аралығында ақша жинау алуға уақыт берілді. Бірақ, пандемияға байланысты азаматтар үйде отырып қалды. Одан кейін кезекте тұрған адамдар кезектен шығып кетті. Әу баста бұл бағдарлама 29 жасқа дейін болған, алайда кейін жастардың санатын 35 жасқа көтерді. Өкінішке қарай, жастар келесі жылы үйден шығуы керек болады. Қазір сол жастарымыз әкімдіктің есігін тоздырым жүр. Министрліктен арнайы адамдар шақырғанымен сіздердің тараптарыңыздан ешкім келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген жоқ. «Бәрі келісімшарт аясында істеліп жатыр» деп айтады. Бірақ келесі жылы ол жастарымыз қайда барады? Себебі 7-20-25 бағдарламасының жырын барлығымыз білеміз, пәтердің 50 пайызын жинап, баспаналы болу мүмкін емес. Ал жалдамалы пәтер алу үшін жалақы 120 мың теңгеден жоғары болу керек. Бұл мүмкіндікті пайдаланатын жастардың жалақысы 120-200 мың теңгенің арасында. Өздеріңіз жақсы білесіздер, 2019 жылдан бері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында пәтердің бағасы екі есе өскен. Жастар енді қайда барады? Олар пәтерді тегін сұрап отырған жоқ», – деді депутат.

Министр бұл мәселеге қатысты пікір білдіре келе, жастар осы уақыт аралығында аяқтан тұрып, ипотека немесе басқада жолмен баспаналы болуға тырсуы керек дегенді алға тартты. 

Оның айтуынша, жалдамалы пәтер мәселесінде мемлекеттің ұстанымы қатаң болуы керек. Нақтырақ айтсақ ол жас әрі денсаулығы мықты азамат жалдамалы пәтерде уақытша тұрып, кейін өз мәселелерін өздері шешу керек деген пікірде. Ал мемлекет жетім немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек қолын созады дегенді айтты министр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow