31 минуттық видео: Ақнәрді байлап ұстап отырған жігіттің видеосы тарады

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook-тегі парақшасында марқұм Ақнәр ісіне қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Видеодан еңгезердей жігіттің Ақнәрдің қолын бұрап матап ұстап отырғанын көруге болады. Жігіт те, Ақнәр да, кадр сыртындағы қыз да қытайша сөйлескен. Видеоға орысша субтитр қойылған.
"Бүгін әлгі Рано деген қыз 31 минут 36 секундтық видео жариялады. Мұнда ол марқұм Ақнәрмен қалай танысқанынан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін бар ақиқатты айттым деп отыр. Сөздерін құжат, дәйекпен растаған. Осыған дейін Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланған бұл тақырып енді орыс тіліне аударылып беріліпті. Не болып кетті өзі? Видеоны толық телеграмнан кім көрді? Не дейсіз?”,-деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






