40 жыл көлік жүргізіп, такси болған: 75 жастағы қазақ әжей туралы Францияның телеканалында көрсетілді

Такси жүргізетін қазақ әжей туралы арнайы видео Франция аумағында көрсетілді.

Қаңтар 29, 2025 - 14:54
40 жыл көлік жүргізіп, такси болған: 75 жастағы қазақ әжей туралы Францияның телеканалында көрсетілді
фото: видеодан скриншот

Францияның ARTE бағдарламасы Қазақстанның Шығыс Қазақстан өңірінде такси жүргізіп, табыс тауып жүрген қазақ әжей туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

75 жастағы Оразхан Манабаеваның темір тұлпар жүргізгеніне 40 жыл болған. ШҚО-ның Аягөз қаласында өмір сүретін әжей көлік жүргізгенде жаны жай тауып, рахаттанатынын айтты. Қазір жапонның Toyota Camry көлігін жүргізеді.

«Әрине, ақсақалмен (ред. – күйеуі) 55 жыл жолдас болсам, бұл темір тұлпармен 40 жыл жолдаспын. Рульде отырғанда өзімді өте жақсы сезінемін. Тып-тыныш отырамын, ешнәрсеге алаңдамаймын. Қайта өзімді сергек сезінемін. Сырқаттанып қалып, рульге отырсам, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Бұл – менің сүйген мамандығым», - дейді таксист әжей.

Видеода әжейдің межеленген бір жерге клиент жеткізу үшін 500 теңге алғаны көрсетіледі. ARTE-нің мәліметінше, 75 жасында такси жүргізетін әжейлер жоқтың қасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow