«500 мың талап еткен»: БҚО-да ер адамды суреттерімен бопсалаған әйел ұсталды
Батыс Қазақстан облысында полиция ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жеке фотосуреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.
Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша қаражаты мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0