Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қыркүйек 30, 2026 - 14:01
 0  16
Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық белдесуде Әбужақынова жапон дзюдошысы Мицуки Кондомен кездесті.

Кездесу Әбибаның мезгілінен бұрын жеңілісімен аяқталды. Қарсыласы оны иппонмен жеңді. Осылайша, қазақ спортшысы Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Бұл – 29 жастағы Әбужақынованың Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада да күміс медаль алған еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0