«Адам менсінбейді»: желіде Кенжебек Жанәбіловтің тыңдарманын итеріп жіберген видеосы тарады

Қазан 15, 2025 - 11:18
«Адам менсінбейді»: желіде Кенжебек Жанәбіловтің тыңдарманын итеріп жіберген видеосы тарады
Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart

Танымал әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтің тойда жеке ән айтып жатқан видеосы әлеуметтік желіде кең таралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Онда ол ән айтып тұрған сәтте қасына жақындап, шашын ұстауға тырысқан ер адамды итеріп жібереді.
Видео көп қаралым жинап, пікірлер толассыз жазылуда. Көпшілік әртістің әрекетіне қатысты екіге бөлінді.
Бірі:

«Енді дұрыс қой, оның басында несі бар?», «Арақ ішкен жерде береке жоқ», «Кенжебектікі дұрыс» – деп әншіні жақтаса,

басқалары:

«Халықтың арасында естерін жиып, адам менсінбейді», «Кенжебектің өзін ұрып тастайтын адам болмады ма?», «Кенжебек дұрыс емес, халықтың алдында көтерілді» – деп сын айтты.

@saken_maigaziyev0 Кенжебек дұрыс жасады ма ?)#кенжебек #музарт #сәкенмайғазиев #тіркелеміз ♬ оригинальный звук - saken_maigaziyev0

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow