Air Astana-дан кеткен Питер Фостер жылы орынға жайғасты
Қазақстандық жүк әуе компаниясы Alatau Air Cargo директорлар кеңесінің құрамын жаңартты. Air Astana-ның экс-басшысы Питер Фостер тәуелсіз директор болып сайланса, кеңесті компанияның ірі акционері Тимур Турлов басқаратын болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қазақстандағы жүк әуе тасымалдаушысы Alatau Air Cargo компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Бұрынғы Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.
Компания акционерлері директорлар кеңесінің құрамын жаңарту туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 30 қаңтарда бекітілген бұрынғы құрамның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Жаңартылған директорлар кеңесінің төрағасы болып кәсіпкер Тимур Турлов тағайындалды. Ол Alatau Air Cargo компаниясының ірі үлесіне ие.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0