«Әкімнің қызын түсірді»: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау қайта ушықты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзоваға қатысты сынын жалғастыруда, деп хабарлайды smartnews.kz.
Ол продюсер түсірген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясының кастингіне күмән келтіріп отыр.
Түсіпбаеваның айтуынша, жоба халық қаржысына – ұлттық арна бюджеті арқылы түсірілген. Алайда басты рөлге сол кездегі әкімнің қызы алынған.
«Бұл сериал бюджет қаржысына түсірілді. Ал басты кейіпкерді әкімнің қызы сомдады. Кастингтің қалай өткенін ешкім білмейді. Бұл – ашық емес, күмәнді іріктеу», – деді ол.
Әншінің мәлімдеуінше, осы пікірінен кейін Баян Алагөзованың жақтастары тарапынан қысым көре бастаған. Оның ішінде Алагөзованың өзі мен әпкесі Бағым Мүсірепова бар.
«Мен өз пікірімді ғана айттым. Ал олар бірігіп, жеке басыма тиісіп, балағаттады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «өнерсізсің» деді. Біз бір оқу орнында оқыдық, мен музыкалық-драма бөлімінде оқыдым, ол кейінірек түсті. Мен білімсіз емес адаммын. Қажет болса, қолымдағы дәлелдермен кез келгеннің бетін ашуға дайынмын», – дейді Түсіпбаева.
Ол бұл жағдайдан кейін өзіне қарсы қаралау науқаны басталғанын алға тартып, әлеуметтік желілерде жеке басына шабуыл жиілегенін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






