Ақмола облысында су жаңа автомобильдер тиеген көлік аударылды (ВИДЕО)

Ол Қостанайға жаңа көліктерді алып бара жатқан

Қараша 21, 2025 - 16:16
chat_bubble  0 visibility  13
Ақмола облысында су жаңа автомобильдер тиеген көлік аударылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысында су жаңа автомобильдер тиеген автотасығыш көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ситрак» маркалы көліктің жүргізушісі Қостанайды бетке алып, алдыңғы көлікті басып озбақ болған. Маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалды.

Автотасығыштың үстінде сегіз жаңа қытай жеңіл көлігі болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізуші көліктерді Алматыдан Қостанайға алып бара жатқан.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0