АҚШ Грин карта беруді тоқтатты
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі грин-карта ұтыс ойыны бағдарламасын (Diversity Visa Lottery) тоқтататынын мәлімхабарлады.
Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл шешім президент Дональд Трамптың тапсырмасымен қабылданған.
Бұған Браун университеті мен Массачусетс технологиялық институтында (MIT) болған атысқа күдікті адамның 2017 жылы АҚШ-қа дәл осы бағдарлама арқылы келгені белгілі болғаны себеп болған.
Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында Браун университетінің инженерлік-физикалық корпусында болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам ауыр жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында Өзбекстаннан келген студент бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0