АҚШ президенті елімізге келуі мүмкін

Қараша 7, 2025 - 09:39
АҚШ президенті елімізге келуі мүмкін
Фото: Ақорда

"Орталық Азия – АҚШ" саммиті кезінде журналистер Дональд Трампқа Қазақстанмен ынтымақтастыққа қатысты бірқатар сұрақ қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма? – деген сұрақ қойылды.

«Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар», - деп жауап берді АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow