АҚШ-та шоу кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты

Мамыр 18, 2026 - 09:46
 0  11
АҚШ-та шоу кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты
фото: видеодан скриншот

Айдахо штатындағы әуе шоуында екі америкалық жойғыш ұшақ соқтығысты – оқиға трюк орындау кезінде болған, деп хабарлайды ABC News.

АҚШ Әскери-теңіз күштері оқиғаның болғанын растады: EA-18 Growler деп аталатын екі жойғыш ұшақ соқтығысқан.

Ведомство өкілінің айтуынша, экипаждың төрт мүшесінің барлығы сәтті катапульта жасап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Кейінірек Маунтин-Хоум әуе күштерінің базасы әлеуметтік желіде апат болған жерде өрттің сөндірілгенін және апатқа ұшыраған жойғыш ұшақтардың экипажының жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0