АҚШ-тағы торнадо: қаза тапқан адам саны 40-қа жетті

Наурыз 18, 2025 - 00:33
АҚШ-тағы торнадо: қаза тапқан адам саны 40-қа жетті
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді. Алты штатта алапат құйыннан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен, деп жазады Sadaq.kz.

«Reuters» агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан әсіресе Миссури штаты ең көп зардап шекті. Онда 12 адам қайтыс болған. Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады. Оклахомада қатты желден 150 өрт ошағы тіркелген.

Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған. 350 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды. Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, қауіпті құйын тағы көтерілуі мүмкін.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow