Ақтауда қауіптітін дизель отыны сатылған

Желтоқсан 22, 2025 - 15:54
 0  0
Ақтауда қауіптітін дизель отыны сатылған

Маңғыстау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің инспекторлары бақылау мақсатында сатып алу барысында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дизель отынын сату фактісін анықтаған. 

"Зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыны Кеден одағының "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" ТР ТС 013/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, тексерілген өнімдегі күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг, ал рұқсат етілген норма 50 мг/кг-дан аспауы тиіс, бұл белгіленген көрсеткіштен 65 мг/кг-ға артық екенін көрсетеді", – делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.

Анықталған заң бұзуға байланысты уәкілетті орган сотқа талап арыз жолдады.

"Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 19 қарашадағы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот кәсіпкерлік субъектісін техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынының тәркіленген өнімін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы шешім қабылдады", – делінген министрлік хабарламасында.

Сот актісіне сәйкес, көрсетілген өнім уәкілетті органның талаптарын және қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, иесінің өз қаражаты есебінен жоюға, кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге, не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығаруға жатады.

Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұнай өнімдері нарығында техникалық реттеудің міндетті талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0