Ақтауда полиция қызметкері бір жарым жасар бала қағып кетті

Мамыр 14, 2026 - 11:47
chat_bubble  0 visibility  2
Ақтауда полиция қызметкері бір жарым жасар бала қағып кетті

Ақтауда полицияның қызметтік көлігін мінген қызметкер кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол апатының салдарынан бала көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оқиға 13 мамырда Ақтауда 27-ші шағын ауданында болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік автокөлікті құқық қорғау органының қызметкері басқарған. Ол 27-шағын аудандағы тұрғын үйдің маңындағы жолда бір жарым жастағы баланы қағып кеткен. 

Салдарынан сәби есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.


Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


«Маңғыстау облысының полиция департаменті қаза тапқан баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», — деп хабарлады полиция өкілдері.


 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0