Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел қаза тапты

Тамыз 10, 2026 - 11:06
 0  15
Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел қаза тапты
Фото: pixabay

Ақтауда көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жергілікті баспасөздің мәліметінше, қайғылы оқиға 4-шағынаудандағы №10 үйде болған.

“Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел тоғызыншы қабаттан құлаған. Тергеу барысында қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – суицид.

Оқиғаға қатысты өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0