Ақтауда заңсыз лотерея арқылы автокөлік, пәтер ойнатты деген күдікпен әнші Абай Бегейдің қызы ұсталды

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

Маусым 19, 2025 - 11:12
 0  1.3k
Ақтауда заңсыз лотерея арқылы автокөлік, пәтер ойнатты деген күдікпен әнші Абай Бегейдің қызы ұсталды
Фото: Видеодан алынған скрин

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті -  деп хабарлайды KAZINFORM

— Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған, — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 2
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0