Ақтаудағы ұшақ апаты: Апаттың неден болғаны келесі апта айтылады

Вице-премьердің сөзінше, қазір мамандар қара жәшіктегі аудионы тексеріп жатыр.

Қаңтар 24, 2025 - 14:24
Ақтаудағы ұшақ апаты: Апаттың неден болғаны келесі апта айтылады
Фото: ТЖМ

Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада айтылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Біріншіден зардап шеккен азаматтардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілді. Әр отбасыға тиісті қаражат төленді. Жерлеу рәсімін әкімдіктер тарапы өз қолдарына алды. Демеушілердің арқасында келесі аптада аталған отбасыларға тағы бір тиісті көмек беріледі. Зерттеуді қарасақ, қазір іс қарқынды түрде жүріп жатыр. Көлік министрлігінде арнайы бекітілген топ бар. Оның құрамында ресейлік, әзербайжандық бразиялиялық және қазақстандық сарапшылар бар. Онымен қоса, Нидерландыдан бір экперт келіп қосылды», - дейді Бозымбаев Үкіметте өткен брифингте.

Вице-премьердің сөзінше, қазір мамандар қара жәшіктегі аудионы тексеріп жатыр. 

«Ұшақтың басқа да режимдерін қарап, сәйкестендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл біраз уақытқа созылатын жұмыс. Мәселен, олардың дауыстарын анықтайды, қай минутта айтылғанын тексереді. Меніңше, жұмысты келесі апта аяқтайтын сияқты. Ережеге сәйкес бір айда алдын ала себептерін жариялауы керек. Келесі аптада Көлік министрлігі ақпарат жариялайтын болады», - деді Қанат Алдабергенұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow